БастыЖаңалықтар

Шалқар көліндегі жағажай жаз бойы жабық болады

Сібе көлдеріндегі үшінші көлдің жағалауын абаттандыру үшін әкімдік 132 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бұл қаражатқа жағажай аумағын және автотұрақты (100 орынға дейін) кеңейтпек.  Сондай-ақ, көл маңын қамыстан тазартып, 150 текше метр құм төсеу жоспарланған.

Одан бөлек, 5 санитарлық-гигиеналық торап, қоқыс контейнерлері мен медициналық пункт орнатылмақ.

Бұл туралы облыс әкімдігі отырысында Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов баяндады.

Басқарма басшысының презентациясында Шалқар көліндегі муниципалдық жағажайдың тамыз айына дейін жабық болатыны көрсетілген.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button