Жаңалықтар

Алтай қаласындағы кәсіпорындардың біріне 3,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Алтай қаласындағы «Казцинк» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

5 мамырда ШҚО экология департаменті Алтай қаласындағы «Казцинк» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан тау-кен байыту кешеніне қатысты ескі Грехов карьерінің аумағына өндірістік қалдықтарды орналастыру фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

– Тексеру барысында сүзгілеу корпусындағы құбырдың жарылғаны анықталды. Соның салдарынан шлам қалдықтарын штаттық режимде қалдық қоймаға тасымалдау мүмкін болмаған. Апаттық жағдайды жою кезеңінде өндірістік қалдықтардың бір бөлігі рекультивацияланып жатқан ескі Грехов карьерінің аумағына орналастырылған. Аталған факт бойынша экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды, – деп хабарлады ШҚО экология департаменті.

Тексеру нәтижесінде «Казцинк» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 327-1, 337 және 344-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 3,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ компанияға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button