Жаңалықтар
ШҚО-да полицейлер дрон арқылы бақылау жүргізіп жатыр
Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол жүрісі ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында дрондарды пайдаланып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Дрондардың көмегімен жолдағы жағдай бақылауға алынып, қарсы бағытқа шығу, қауіпті маневр жасау, жол ережелерін бұзу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де құқықбұзушылықтар анықталады. Заманауи технологияларды қолдану жол қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.



