Жаңалықтар
Өскеменде «Алтай» – «Оқжетпес» матчы өтеді
«Алтай Өскемен» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубына қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
22 мамыр күні сағат 15:00-де «Восток» стадионында «Алтай Өскемен» мен «Оқжетпес» футбол клубтары арасында матч өтеді. Кіру тегін.
– Құрметті өскемендіктер, 22-мамыр күні баршаңызды турнир кестесі көшбасшыларының бірі – Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы өтетін матчта «Алтай Өскеменге» қолдау көрсетуге шақырамыз, – делінген хабарламада.



