Жаңалықтар

Экологтар Өскеменде ағаш жапырақтарының неліктен сарғайғанын түсіндірді

Өскемендегі өнеркәсіптік аймағында мамыр айында ағаш жапырақтарының сарғайғаны байқалды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

ШҚО экология департаментінің мәліметінше, Өскемен қаласының өнеркәсіптік аймағында ағаш жапырақтарының сарғаюына қатысты ұқсас жағдай 2021 жылдың мамыр айында да тіркелген. Сол кезде жүргізілген тексеру нәтижесінде солтүстік өнеркәсіп торабындағы кәсіпорындардың бірінде «Казцинк» ЖШС ӨМА SNC Lavalin газдарды кәдеге жарату қондырғысының финалдық абсорбциялық мұнарасы қақпағының жергілікті разгерметизациясы орын алып, ұйымдастырылмаған газ шығарындыларымен қатар жүргені анықталған.

Қазіргі уақытта ағаш жапырақтарының сарғаю себептерін анықтау мақсатында Экология департаменті тарапынан ғылыми орталықтың мамандары тартылды. Комиссиялық тексеру 28 мамырға жоспарланған.

Тексеру және жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша тиісті бағалау беріліп, қолданыстағы заңнама аясында әрі қарайғы шаралар қабылданатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button