Жаңалықтар

Бірқабатты Шығыс: Самар ауданында 24 екіпәтерлі тұрғын үй салынып жатыр

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан 24 екіпәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

–  Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысандардың сапасы мен құрылыс талаптарының сақталуына ерекше назар аударылуда. Болашақ тұрғындар үшін бұл үйлер тек баспана емес, жаңа өмірдің бастауына айналатын, отбасылық жылу мен берекенің орны болмақ. Сонымен қатар Самар ауылындағы бұрынғы әуежай аумағында жаңа ықшамауданның қалыптасып келе жатқаны байқалады. Бұл аумақ кешенді түрде дамытылып, тұрғын үйлермен қатар қажетті әлеуметтік инфрақұрылым да қатар салынып жатыр. Атап айтқанда, бастауыш мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысан жас отбасылар үшін аса маңызды, себебі балалардың тұрғылықты жеріне жақын, қолайлы әрі сапалы білім алуына мүмкіндік береді, – деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар биыл «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер Аққала, Құлынжол және Миролюбовка ауылдарында да салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button