Жаңалықтар

Алтайда жағажайлардың дайындығын тексеру жұмыстары басталды

Шомылу маусымына дайындық аясында Алтай ауданында жағажайлардың дайындығын тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Алтай ауданы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Құтқару жасағы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан «Жігер» жазғы балалар лагерінің жағажайына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жағажайдың судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптары мен нормаларына сәйкес келетіні анықталды, – деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button