Жаңалықтар

ШҚО-да ертең қар жаууы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында 19 мамыр күні қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпаратына сүйенсек, 19 мамыр күні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын, қар күтіледі.

Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Өскеменде жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button