Жаңалықтар

ШҚО-да «WorldSkills Shygys-2026» чемпионаты басталды

Бүгін Өскеменде «WorldSkills Shygys-2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

ШҚО білім басқармасының мәліметінше, чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.

18–22 мамыр аралығында өңірдің колледждерінен келген студенттер түрлі құзыреттіліктер бойынша өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді.

Байқау кезеңдері Құзыреттілік орталықтары мен Өскемен қаласының жетекші колледждерінің базасында өтеді.

– Қатысушылар үшін бұл тек өз мүмкіндіктерін көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін маңызды кезең болмақ. Конкурстық жұмыстарды аймақтың білікті сарапшылары – білім беру ұйымдарының өкілдері, өндіріс мамандары және кәсіби қауымдастық мүшелері бағалайды. Бұл бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді. Өңірлік чемпионат дарынды жастарды қолдауға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң, – делінген ШҚО білім басқармасының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button