Жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына орай куиз ойыны өтті — Өскемен

Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына орай Пушкин атындағы облыстық кітапханада зияткерлік куиз ойыны өтті.

Бұл ойын “Эрудит” интеллектуалды клубының ұйымдастыруымен 2025–2026 маусымының жабылуы әрі қорытындысы ретінде жоғары деңгейде өтті. Жалпы 14 команда қатысып, әр кезең тартысқа, логикаға, эмоция мен көтеріңкі көңіл-күйге толы болды.

— Біздің ойындардың басты ерекшелігі — дресс-код: «Ұлттық киім». Біздің басты мақсатымыз — ұлттық киімді тек мерекеде емес, күнделікті стильге айналдыру. Осындай зияткерлік алаңдар арқылы ұлттық құндылықты дәріптеу — біздің миссиямыз. Әр квизде осы дәстүрді сақтай отырып, ұлттық киімді күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру, — дейді кітапхана өкілдері.

Ойын қорытындысы бойынша, «Үздік ойыншы» номинациясын  Шығыс Бөрілері командасының ойыншысы Рафгатұлы Расул, «Үздік дресс-код» номинациясын Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі

Жүлде қоры — 100 000 теңге:

1-орын — Шығыс Бөрілері (50 000 тг)

2-орын — Зерделі (30 000 тг)

3-орын — Mugalim boys (20 000 тг)

Басқа жаңалықтар

Back to top button