Жаңалықтар
Катонқарағайда пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілерін анықтады. Бұл туралы ШҚО прокуратурасы мәлім етті.
Жалға алушылардың шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланбағаны анықталды.
– Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында, – делінген хабарламада.



