Жаңалықтар

Одесса паромында Starlink желісі жұмыс істейді

Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов «Одесса» паромында болып, ұжымды навигациялық маусымның ашылуымен құттықтап, кеме басшылығымен алдағы бірлескен жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

– Негізгі бағыт- туризмді дамыту. «Одесса» паромы –  еліміздегі бірегей нысандардың бірі. Мұндай өткелдер Қазақстанның тек екі өңірінде Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ғана бар. Сондықтан бұл паром аймақтың туристік саласының маңызды бөлігіне айналуы тиіс деп есептеймін. Облыс қонақтары Самар ауданы мен Бұқтырма су қоймасы жағалауының ерекше табиғатын тамашалап қана қоймай, өңіріміздің әсемдігі мен әлеуетімен де таныса алады. Өз тарапымыздан инфрақұрылымды жақсарту, туристер үшін қолайлы жағдай жасау және сервисті дамыту жұмыстарын жалғастырамыз, – деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Одесса» паромында жолаушылар тегін пайдалана алатын жоғары жылдамдықты Starlink интернеті іске қосылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button