Жаңалықтар
ШҚО-да Graffiti battle республикалық фестивалі өтеді

Өскеменде 20 мамыр күні «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында «Заң және тәртіп аймағы» Graffiti battle республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өтінім қабылдау 17 мамырға дейін жалғасады (электрондық пошта: shygys.jastary@gmail.com).
Фестиваль Өскемендегі граффити салуға арнайы бөлінген қалалық локациялар да өтеді. Басталу уақыты: 10:00.
Фестивальге 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпаратты алу үшін +7 700 270 0603 телефон нөмеріне хабарласуға болады.



