Жаңалықтар

ШҚО-да бітіру кештерін мейрамханада өткізуге тыйым салынады

Оқу жылының аяқталуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін салтанатты іс-шаралар нысандарында бітіру іс-шараларын өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарламада.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарды бітіруге арналған, аттестаттарды, білім туралы дипломдарды табыстаудың салтанатты рәсімдерін тек мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қабырғаларында ғана өткізу керек.

– Білім алушылардан, тәрбиеленушілерден, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражат жинауға, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге, сондай-ақ қаражат жинауға тыйым салынады. Сондай-ақ мектептерде емтихан тапсыру кезінде ата-аналар тарапынан дастархан жаюға қатаң тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button