Жаңалықтар
Өскемендегі емханалардың бірі жұмысшылардың екі ай еңбекақысын бермеген
Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан екі айдан астам уақыт бойы 53 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек түзілгені анықталды, – деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.



