Жаңалықтар

ШҚО-да тағы төрт санитарлық-гигиеналық торап орнатылады

Биыл өңірде сұранысқа ие бағыттарда тағы төрт санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа нысандар «Үбі» өткізу пунктінде, Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолында, сондай-ақ «Майқапшағай» кеден бекетінде пайда болады.

Қазіргі таңда облыстың республикалық маңызы бар жолдарында 10 санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істеп тұр. 

Өңірде жол бойы сервистік қызметін дамыту жұмыстары республикалық маңызы бар автожолдардың басқа учаскелерінде де жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button