БастыЖаңалықтар
Өскеменде рекорд: 2 шақырымдық құрақ көрпе төселді

ШҚО-да «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестивалі өтіп жатыр.
Оған Қазақстанның 17 өңірінен 800-ге жуық қолөнер шебері және шетелдік қонақтар қатысуда.
Бүгін қолөнершілер кілем ұзындығы бойынша әлемдік рекорд орнату үшін «Восток» стадионында екі шақырым жерге құрақ көрпе төседі. Бұл оқиғаны «Global Best of Records» халықаралық рекордтар кітабына енгізу жоспарланған. Басылым әлемдегі ең ірі жетістіктер тізілімдерінің бірі саналады және «Гиннестің рекордтар кітабы» сияқты жаһандық реестрлермен қатар тұр.
Артынша Сол жағалау саябағында 8 мемлекеттен келген шеберлердің көрме-жәрмеңкесі өтеді.



