БастыЖаңалықтар
Өскеменде Шемонаиха ауданының жәрмеңкесі өтеді

Шемонаихалықтар жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,5 тонна болатын ауылшаруашылығы өнімдерін алып келеді.
Жәрмеңке 16 мамыр күні таңғы сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Алтай» КТО (Жібек жолы көшесі, 44) аумағында ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеге әкелінетін өнімдер:
- картоп – 310 кг
- қарақұмық – 140 кг
- асбұршақ – 140 кг
- арпа жармасы – 40 кг
- ұн – 100 кг
- күнбағыс майы – 400 л
- сары май – 20 кг
- сүт – 51 л
- қаймақ – 23 л
- сүзбе – 25 кг
- ірімшік – 25 кг
- жұмыртқа – 450 дана
- бал – 205 кг
- сиыр еті – 400 кг
- жылқы еті – 700 кг
- қой еті – 250 кг
- тауық еті – 5 кг
- шұжық өнімдері – 40 кг
- нан-тоқаш өнімдері – 30 кг
- көкөніс, тұздалған өнімдер, тосап, компот және өзге де тауарлар.



