БастыЖаңалықтар
Статистика: Шығыс Қазақстанда орташа жалақы – 438 мың теңге

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жалақы деректерін жариялады. Қазақстан бойынша орташа айлық номиналды жалақы 461 486 теңгені құрады.
Жалақының номиналды өсімі болғанымен, инфляцияны ескергенде нақты табыс төмендеген.
Шығыс Қазақстан облысында осы кезеңдегі орташа айлық жалақы 438 659 теңгені құрады. Аймақтағы номиналды жалақы индексі 108,4%-ға жетті, ал нақты жалақы индексі 97,1% болды.
Ұлттық статистика бюросы бұл деректер жеке кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмай жарияланғанын нақтылады.



