Жаңалықтар

Өскеменде облыстық IT фестиваль өтті

Бүгін Өскеменде «NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Фестивальге жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде арнайы (түзету) мектептерінің оқушылары, ТжКБ ұйымдарының, жоғары оқу орындарының студенттері, барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту, дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатында білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Фестиваль аясында оқушылар «Smart Oasis: Мектептегі биологиялық бұрышты автоматты суару жүйесі», Оқытуға арналған Дронды ағаштан ойып қолдан жасау, «Ауа сапасын анықтайтын және тазартуды басқаратын ақылды экожүйе», Ақылды көзілдірік,  Taza Qazaqstan. Қалдықтарды басқарудағы интеллектуалды жүйе, «Google Dino на Arduino» ойыны,  «Ақылды жылыжай» автоматтандыру жүйесі сияқты түрлі жобаларды таныстырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button