Жаңалықтар
«Алтай» Қазақстан Кубогының жартылай финалына өтті

«Алтай» футбол клубы Қазақстан Кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қобыланды батыр атындағы орталық алаңда өткен Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Алтай» футбол клубы алаң иелері – «Ақтөбе» командасын жеңді.
Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған. Алайда пенальти сериясында «Алтай» футбол клубының ойыншылары 4:3 есебімен басым түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 10 мамыр күні «Алтай» футбол клубы мен шымкенттік «Ордабасы» командалары арасында өткен матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.



