Жаңалықтар
ШҚО-да қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағайда орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан фототұзаққа қоңыр аю ілікті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Қысқы ұйқыдан кейін ағзаның минералдар мен тұзға деген қажеттілігі оны осы ескі шыршаның түбіндегі жалаққа жетелеп әкелді. Біздің инспекторлар мұндай орындарды үнемі бақылауда ұстайды. Аңдардың денсаулығын ойлап, арнайы жерлерге жүйелі түрде тұз салып, маңызды биотехникалық жұмыстар жүргізеді, – делінген Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында.



