Жаңалықтар

ШҚО-да биыл 33 экопарк құрылуы мүмкін

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қатысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ШҚО әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасап.          

Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен туризм мәселелері қаралды.

Қазір елде экопарктер құруға назар аударылуда. 2026–2028 жылдарға арналған жоспар бойынша 1,7 мың гектар аумақта 46 экопарк (169 млрд теңге) ашу көзделген. Ал биыл 1,2 мың гектар аумақта 33 экопарк (102 млрд теңге) құру жоспарланып отыр.

Өскеменде «Шоқ қайың», Ұлан ауданында «Жасыл аймақ», Глубокое ауданында «Таулы Үлбі» экопаркін ашу көзделген. Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзінше, қазіргі таңда экотуризм – әлемдік туристік индустрияның ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бір. Сондықтан осы салаға баса назар аудару керек. Бұдан бөлек, отырыста елдегі туристік орындарда ақпараттық орталықтардың санын арттыру туралы айтылды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудандарда дәл осындай орталықтарды көбейтуді қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл туристердің сапарын жеңілдетуді, демалыс орындарға тез жетуді қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button