Жазда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды
Маусымдық сұраныстың артуына байланысты жазғы кезеңде ҚТЖ 15 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, Алакөл бағытына пойыздар еліміздің ірі қалаларынан, соның ішінде Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодардан қатынайды.
Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
№54/53 «Нұрлы жол – Достық»;
№253/254 «Нұрлы жол – Достық»;
№207/208 «Алматы – Достық»;
№211/212 «Алматы – Достық»;
№221/222 «Алматы – Достық»;
№457/458 «Семей – Достық»;
№459/460 «Өскемен – Достық»;
«Қызылорда – Достық» тіркеме вагондары;
«Алматы – Достық» тіркеме вагондары;
«Павлодар – Достық» тіркеме вагондары;
№201/202 «Алматы – Нұрлы жол»;
№203/204 «Нұрлы жол – Шымкент»;
№205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол»;
№219/220 «Қарағанды – Балқаш»;
№231/232 «Алматы-2 – Семей».



