Шемонаиха ауданындағы инватакси саны 10-ға жеткізілді

Прокуратураның тексерісі кезінде ауданда тұратын 1437 мүгедек жанды небары үш арнайы көлік тасымалдайтыны анықталған.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың 155-і кәмелетке толмағандар және олардың арасында уақтылы медициналық процедуралар алатындар бар.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұған дейін жұмыс істеп келген үш инватакси барлық мұқтаж жандарды қамтуға жеткіліксіз.
Қадағалау актісі бойынша әкімдік «Инватакси» арнайы машиналарының паркін он бірлікке дейін кеңейту шараларын қабылдады. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына олардың құқықтары мен көлік қызметін алу тәртібі түсіндірілді, — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Мұның бәрі медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.



