Жаңалықтар

ШҚО әкімі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды

Өңір басшысы Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп, құттықтады.

ШҚО әкімі Павел Стрехо, Шайкамал Ескужинова, Михаил Головатюктің үйіне арнайы барды.

Тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан жандарды жеке құттықтап, олардың ерлігіне, төзімділігіне және бейбіт болашаққа қосқан зор үлесіне алғыс білдіру мен үшін үлкен мәртебе. Соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткеріп, өмір бойы адал еңбек етіп, өнегелі әрі үлкен отбасы тәрбиелеген тыл еңбеккері Шайкамал апа Ескужинованың шаңырағында болдым. Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Яковлевичке де арнайы барып сәлем бердім — ол соғыстың ауыр жолынан өтіп, көптеген жылдар бойы өңірдің дамуына еңбек сіңірген, рухы мықты жан, — дейді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Биыл ардагер Павел Еремеевич 100 жасқа толды. Оның майдан жолы мен жауынгерлік марапаттары — Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісі.

Осындай әрбір кездесу — тірі тарихты тыңдап, ұрпақтар сабақтастығын сезінуге және бейбіт өмірдің қадірін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Біз Жеңіс буынының алдында басымызды иеміз. Сіздердің ерліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіздің арқасында бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, балаларымызды тәрбиелеп, тәуелсіз Қазақстанның болашағын құрып келеміз, — деді Нұрымбет Аманұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button