Жаңалықтар

ШҚО әкімі медбикелерді кәсіби мерекемен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір медбикелерін кәсіби мерекемен құттықтады. 

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде 7490 мейіргер еңбек етеді. Өңірде медицина кадрларын қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Атап айтқанда, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылып, мамандар елімізде және шетелде біліктілігін арттыруда. Жыл басынан бері аудандық ауруханалардың 24 қызметкері шетелде біліктілігін жетілдірсе, тағы 104 мейіргер облыстық диагностикалық орталық базасында оқудан өтті.

«Сіздерге адал еңбектеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және әр пациентке деген жанашырлықтарыңыз үшін алғыс айтамын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!», – деді аймақ басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button