ШҚО-да 346,5 келі өнеркәсіптік жарылғыш зат тәркіленді
Биыл сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және 188 оқ-дәрі тәркіленді.
Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.



