Жаңалықтар

II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:

  • «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»;
  • «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»;
  • «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады».

Жұмыстарды қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады (Polisia.kz@bk.ru электрондық пошта арқылы қабылданады).

Қатысу талаптары: 

  • Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
  • Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
  • Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
  • Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button