Жаңалықтар
Өскеменде «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестивалі өтеді
15-17 мамыр күндері облыстық сәулет-этнография және табиғи-ландшафтық музей-қорығының Сол жағалау кешені аумағында «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық кілем тоқу фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль төрінде 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен келген таңдаулы қолөнер шеберлері бас қосып, ЮНЕСКО сарапшылары мен «Аламан құрақ» жобасының қатысушылары ұлттық өнермен қуантады.
Халықаралық музейлер күніне орай өтетін ауқымды іс-шараға 8 мемлекеттен және ел өңірлерінен 800-ден аса қолөнер шебері қатысады.
Ұзындығы екі шақырымнан асатын құрақ көрпе жайылып, әлемдік рекорд жаңартылмақ.
Фестивальді Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырады.



