БастыЖаңалықтар
Тарбағатай ауданында облыстық ақындар айтысы өтеді

17 мамыр күні Тарбағатай ауданында Абаш Кәкеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәдени шара және облыстық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
17 мамыр күні сағат 14:00-де Тарбағатай ауданы Қабанбай батыр атындағы саябақтың бас сахнасында ақтаңгер айтыс ақын, әнші, термеші, ҚР Мәдениет қайраткері Абаш Кәкеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәдени шара және облыстық ақындар айтысы өтеді.
️Жыр додасына Қуатбек Қуанар, Гүлжан Ықыласқызы, Қуаныш Еркінұлы, Жұлдызай Маратбекқызы, Айдос Рашатұлы, Манарбек Сатыпалды, Қуандық Кенжебекұлы, Ардабек Ақбаба, Әли Ермеков, Амангелді Тетепов қатысады.




