Жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйлерге арнайы тақтайшалар орнатылды
Өскеменде тұрғын үйлерге төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау пункттері туралы ақпарат көрсетілген арнайы тақтайшалар орнатыла бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Әрбір тақтайшада жақын маңдағы төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау пунктінің нақты мекенжайы, оның орналасу сызбасы, мекенжайлардың толық тізіміне жылдам өтуге арналған QR-код, сондай-ақ шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген.
– Бұл әсіресе эвакуация кезінде маңызды, өйткені мұндай сәттерде әр минуттың маңызы зор. Аталған бастама қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған, – делінген Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.



