Жаңалықтар
Сібе көліндерінде шомылу қауіпті ме?
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ШҚО ТЖД мамандары шомылу қауіпті болуы мүмкін су айдындарын атады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Сібе көлдерінің тереңдігі 40 метрден асады, сондықтан бұл көлдер қауіпсіз су айдыны болып саналмайды. Алайда онда арнайы жабдықталған жағажайлар мен қалқымалар бар. Демалушылар егер тек сол жерлерде шомылып, талаптарды сақтаса, аталған көлдерде демалуға болады. Жалпы, қала маңында шомылуға толықтай қауіпсіз су айдындары жоқ. Өскемендегі Үлбі және Ертіс өзендерінде ағыс қатты болғандықтан, онда шомылу қауіпті, – деді ШҚО ТЖД мамандары.



