Жаңалықтар

Өскемендегі аспалы көпірдің құлауына байланысты әкімшілік іс қозғалды

Өскемендегі «Самал» саябағы маңындағы аспалы көпірдің құлауына байланысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Өскемендегі Карбышев көшесінде орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде оқыс оқиға орын алды. Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған. Қазіргі уақытта көпір уақытша жабылады.

– Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы ( Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button