Жаңалықтар

Алматы – Өскемен тасжолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолының 213-234 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жөндеу жұмыстары барысында бірқатар уақытша шаралар қабылданған. Атап айтқанда, қозғалыс баламалы бағыт ретінде уақытша ұйымдастырылған Мұқыры елді мекені арқылы өтетін 27 шақырымдық айналма жолда, сондай-ақ Алматы – Талдықорған бағытының негізгі жолының 21 шақырымдық бөлігінде жол ақысы алынбайды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мұқыры кенті арқылы өтетін айналма жолдың көріну қашықтығы шектеулі және қауіпті бұрылыстары бар учаскелеріне тұтас жол таңбалары сызылған. Бұл жүргізушілердің бағдарлануын жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button