Жаңалықтар

Шешекте жаңа саябақ ашылады

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық саябағының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

8 мамыр күні сағат 15:00-де Шешек асуында жаңа саябақ ашылады.

Саябақтың басты ерекшелігі – оның бірегей тұжырымдамасында. Саябақ аумағы Шығыс Қазақстан облысының картасы пішінінде жасалған. Осы аумақта облыс құрамындағы 13 қала мен ауданның өкілдері өз ағаштарын отырғызып, өңірдің дамуына үлес қосады.

«Таза Қазақстан» жобасы қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықты арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда өңірде елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалықты сақтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шешек асуында ашылатын жаңа саябақ тек экологиялық шара ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын айқындайтын маңызды қоғамдық кеңістікке айналады. Бұл орын демалыс аймағы ретінде дамып, тұрғындар мен қонақтар үшін, әсіресе балалар үшін, тартымды мекен болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button