Қазақстанда қанша ер азамат бар?
Елімізде 10 044 673 ер азамат тұрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
0-15 жас – 30,2%;
16-60 жас – 56,5%;
61 жас және одан жоғары – 13,3%.
Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер: Алматы қаласы – 1,1 млн, Түркістан облысы – 1,1 млн, Алматы облысы – 806,5 мың, Астана қаласы – 785,4 мың. Ерлердің орташа жасы – 31,1 жас.
– 2025 жыл бойынша жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі – 51,6 пайыз (4,8 млн ер адам). Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50,6 пайыз. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 55,1 пайыз, – делінген хабарламада.
Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:
– өнеркәсіп – 16,5%;
– көтерме сауда – 14%;
– ауыл шаруашылығы – 12,4%;
– көлік және қойма – 11,1%;
– жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі – 54,7%.



