Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жеке қабылдау барысында азаматтар кәсіпкерлік, жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй сынды мәселелерді көтерді.
Арман Зиятов есімді өңір тұрғыны «A-frame» форматындағы, яғни панорамалы терезелері бар үшбұрышты үйлер салу жобасын жүзеге асырғысы келетінін жеткізді. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін дамытуға, жұмыс орындарын құруға және инвестициялар тартуға бағытталған.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өтініш берушіге мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерін жіті түсіндіріп, жобаны іске асыру тетіктерін қарастыру міндетін қойды.
06.05.2026



