Жаңалықтар

ШҚО қан орталығында донорлық акция өтеді

Ертең өскемендіктер мен қала қонақтарын Отан қорғаушылар күніне арналған донорлық акцияға қатысуға шақырады. 

Акцияға қатысып, қан тапсырған барлық ер азаматтарды арнайы тосын сый күтеді.

Қан тапсыру – біреудің өмірін құтқару ғана емес, нағыз ерлік пен азаматтық жауапкершіліктің символы болып табылатын маңызды іс.

Донорлық акция 6 мамыр күні сағат 08.30-дан 13.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өтеді. 18 жастан асқан, дені сау әрбір адам донор бола алады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді немесе цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық нұсқасын алып келу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button