Жаңалықтар
Өскеменде екі жігіт суға батып кетті

Өскемендегі Согра ауданында Үлбі өзенін жүзіп өтпек болған 2003 жылғы екі жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Олардың бірінің денесі 4 мамыр күні Степное ауылы маңынан табылды. Ал екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері жұмыс істеп жатыр.



