БастыЖаңалықтар

Өскеменде 7 және 9 мамыр мерекелері қалай тойланады?

Облыс орталығында Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

7 мамыр күні сағат 10:00-де Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сағат 11:00-де «Өскемен» аллеясында мерекелік концерт ұйымдастырылады. 

9 мамыр күні «Жеңіс» мемориалында сағат 10:00-де театрландырылған қойылым және «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Ал сағат 11:00-де Жеңіс күніне арналған концерт өткізіледі. Сондай-ақ сағат 18:00-де кешкі концерт басталады. Сағат 20:00-де «Өз шырағынды жақ» акциясы ұйымдастырылады. Биыл 7 199 шам жағу жоспарланған. 

Кешкі сағат 21:00-де «Жеңіс» мемориалдық кешені аумағында мерекелік отшашу болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button