Өскеменде жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
«Казцинк» ЖШС аумағындағы жарылыс кезінде жарақат алған жұмысшылардың жағдайы туралы ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикенов айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Барлығы бес адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде төртеуі ер адам және біреуі әйел. Зардап шеккендердің барлығы тексеріліп, анализдер алынды, сонымен қатар бас миының компьютерлік томографиясы жасалды. Үш адам тек жеңіл жарақат алған, сондықтан олар үйлеріне жіберілді. Екі зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі – 1980 жылы туған ер адам, жағдайы өте ауыр. Денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалған. Оған барлық қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Екінші науқастың бел омыртқасы зақымданған. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Оған да барлық қажетті шұғыл медициналық көмек көрсетілді, – дейді Мұрат Нұрбикенов.



