Жаңалықтар

«Бақыт әкелетін ертегілер» кітабы оқырманға жол тартты

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иегері, Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, ардагер ұстаз Раисова Бақытжан Мұқтарханқызының «Бақыт әкелетін ертегілер» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Кеш барысында қатысушылар автордың шығармашылық жолымен танысып, оның ертегі жазудағы шабыт көзі мен шығармашылық үдерісі туралы әсерлі әңгімесін тыңдады. Автор оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, жаңа кітабының жазылу барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті.

Кеш соңында оқушылар мен қонақтар өздерінің әсерлерін «Бақыт ағашына» жазып, ізгі тілектерін қалдырды. Шарада автордың өлеңдері оқылып, қатысушылар ақынға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

«Бақыт әкелетін ертегілер» — кішкентай оқырмандарға бақыт пен мейірім сыйлайтын, қиял мен ізгілікке жетелейтін туынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button