Өскеменде жас қылқалам шеберлерінің байқауы өтеді

Республика күні қарсаңында 22 қазанда сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Қыран елім – Қазақстан» атты облыстық жас суретшілер байқауы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Жас суретшілер өз туындыларын «Менің Қазақстаным – бейбіт ел», «Тәуелсіздік – басты құндылығым», «Туған жерімнің табиғаты», «Рухани жаңғыру: дәстүр мен болашақ» тақырыптары бойынша ұсына алады. Қатысушылардың жұмыстары еркін техникада (акварель, майлы бояу, гуашь, графика және т.б.) орындалып, А3 немесе А2 форматында қабылданады. Әрбір жас суретші өз туындысын 3-5 минут көлемінде қорғап, ойы мен идеясын түсіндіреді, – делінген хабарламада.
Бағалау кезінде қазылар алқасы шығарманың бірегейлігіне, тақырыппен үндестігіне, көркемдік деңгейіне және орындау мәнеріне баса назар аударады.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталып, үздік жұмыстар көрмеге қойылады.
Байланыс нөмерлері: 8 (7232) 26-13-33, 8-747-411-73-19.



